
Нұр-Сұлтанда анасы бұзықтығы үшін 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жастағы қызын киімсіз далаға қуып жіберген, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Ішкиімде жылап отырған қыздың суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері елорда тұрғынынан көршісінің осы әрекеті туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін айтты.
"Полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтады, әйел бұл әрекетімен көршісінен киім-кешек ілетін қысқыштарды рұқсатсыз ойнауға алған балаларды жазалағысы келгенін айтты.
Отбасы Нұр-Сұлтан ПД ювенал полициясында профилактикалық есепке алынды.