«Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

ашық дереккөзі

 width= Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округінде күніне 450 тонна бидай өңделіп, оның 75 пайызы ұн өнімін өндіретін «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. 2008 жылдың маусымында іске қосылған бұл автоматтандырылған жаңа технологиялы диірменінде бүгінде 87 азамат еңбек етеді. Жұмысшылардың айлық жалақысы 80 мың теңге. Жеке меншік директоры Сапарымбет Бауыржан Шатайұлының айтуынша жобаның екінші кезеңі 2015 жылдың желтоқсанында іске қосылған, негізгі қордың жалпы құны 2 млрд.680 млн. теңгені құрайды. Өңдеу өнеркәсіп саласында шағын орта бизнес субьектілерін қолдау мақсатында «Даму-Өндіріс» бағждарламасы аясында «Ордабасы нан» ЖШС 470 млн. теңге несие алып, диірменнің екінші кезеңі іске қосылған. Орнатылған негізгі қондырғы жабдықтары Түркия мемлекетінен алынған. 2017 жылы 9 айында нақты өндірілген өнім 44 047 тонна, 2016 жылдың есепті кезеңінде 42 048 тонна өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда 104,8 пайыз немесе 1999 тоннаға артқан. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Сәуле ОМАШ, Ғани РАЙЫМБЕКОВ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Ордабасы ауданы филиалының директоры Сейдахмет БЕРДІМҰРАТ аталмыш серіктестік ұжымының жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар «Nur Otan» партиясының бүніге дейін жеткен жетістіктері мен алдағы бес жылда атқарылар қыруар жұмыстарды атап өтті. Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың кәсіпкерлікке айрықша ден қойғанын, алдағы уақытта кәсіпкерлік саласына қатысты бағдарламалар жүзеге асатынын тілге тиек етті. Жұмысшы топ ерікті жастардың таратқан үгіт-насихат үнқағаздарымен танысып, алдағы сайлауға белсенді түрде қатысатындарын жеткізді.

  «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...