Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Биыл жаңа жыл Аяз атасыз өтеді

Биыл жаңа жыл Аяз атасыз өтеді

Биыл жаңа жыл Аяз атасыз өтеді
ашық дереккөзі
 width= Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин  жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бекшиннің қаулысында адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салу туралы айтылады. Қаулы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салу", - делінген қаулыда.
Құжатта мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінде 1-5-сынып аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуды тоқтату туралы айтылған.
"Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері 23.00-ге дейін ұзартылады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істейді. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 17.00-ге дейін шектеледі", - делінген.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату