Әлемде короновируспен күреске қанша қаражат жұмсалды?

Әлемде короновируспен күреске қанша қаражат жұмсалды?

ашық дереккөзі

 width= Әлемнің барлық елі коронавируспен күресуге 13 триллион доллардан астам қаражат жұмсады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Nikkei сарапшылардың есептеулеріне сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 125 пайызына жетеді. Коронавирустық пандемияға байланысты әлемдік экономикаға келтірілген жалпы шығын 2021 жылдың аяғында 7 триллион долларды құрайды. Бұл болжамды бұған дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас экономисі Лоранс Бун жасаған болатын. Экономикасы дамыған мемлекеттерде биылғы шілдеде мемлекеттік қарыз әлемдік ЖІӨ-нің 128 пайызына тең болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алдыңғы қатарлы елдер экономикалық өсімнің арқасында қарыз мөлшерін тез азайта алды. 1959 жылға қарай борыштың ЖІӨ-ге қатынасы екі еседен астам ‒ 50 пайыздан аса төмендеді. Алайда сарапшылардың болжамынша, бұл жолы мұндай нәтижелерге қол жеткізу қиынға соғады.

Жүктелуде...