Канвассинг: кандидаттар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті

Канвассинг: кандидаттар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті

ашық дереккөзі

 width= "Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Абасов Қайнар Бегалыұлы, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы Құмкент ауылының тұрғыны, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы, 45 жылға жуық ауданымыздың педагогика саласында үздіксіз еңбек етіп, жүздеген шәкірттерді тәрбиелеуге сүбелі үлесін қосқан Есен Досболов ағамыздың үйінде болып, алдағы саяси науқан жайлы, көшбасшы партияның алдағы мақсаттары жайында келелі әңгіме өткізді.  width= Алдағы сайлаудың партиялық тізім бойынша өткелі отырғандығы, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде партияның әрбір аудан, облыс бойынша жеке-жеке сайлауалды бағдарламалары дайындалғаны жайында әңгіме өзегіне айналды. Еңбек ардагері сөз соңында партиямыз саяси додаға үкілеп қосып отырған үміткерлеріне сәттіліктер тіледі. Партияластарға табыс тіледі.

 «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...