weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оттегі жетпей 41 мың құс қырылып қалған

Оттегі жетпей 41 мың құс қырылып қалған

Оттегі жетпей 41 мың құс қырылып қалған
ашық дереккөзі
 width= Алматыдағы құс фабрикаларының бірінде оттегінің жетіспегендігінен 41 мың тауық тұншығып өлген, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бұл оқиға Ұйғыр ауданында орналасқан Otan Green Food ЖШС құс фабрикасында орын алды. Әкімдікте атап өткендей, құс өлімі автоматиканың істен шығуына байланысты орын алған.
"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шықты. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген, бұл өз кезегінде бөлме температурасының көтерілуіне және оттегінің азаюына себепші болған. Аталған фактіні кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.