Елбасы қазақстандық миллионерге орден табыстады

Елбасы қазақстандық миллионерге орден табыстады

ашық дереккөзі

 width= "BSB" Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы" ЖШС президенті Рашит Сәрсенов "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. Кәсіпкерге мемлекеттік награданы Назарбаевтың өзі табыс етті. Елбасы орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті. Рашит Сәрсенов кім: Рашит Темірболатұлы Сәрсенов – қазақстандық кәсіпкер. 1949 жылы Көкшетауда туған. 1992 жылдан бері – "BSB" корпорациясының президенті. Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша ол Қазақстанның 50 бай бизнесменінің қатарына кіреді. 2020 жылдың қазанында оның дәулеті 632 миллион долларға бағаланды. Ашық дереккөздерге сүйенсек, Сәрсеновке "Нұрбанк" АҚ акцияларының 85%-і, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100%-і және Helios жанар-жағармай құю станциялары желісі тиесілі.  

Жүктелуде...