Астана медицина университеті: Тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті

Астана медицина университеті: Тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне орай спорт клуб Жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен бірге «Астана медицина университеті» АҚ арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді, деп хабарлайды Newsroom.kz. Тоғызқұмалақ (қырғыздарда – Тогуз коргоол, түріктерде – мангала/гечюрме) – адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойынды кейде «қойшылар алгебрасы» деп те атады. Өйткені, ойын кезінде барлық төрт негізгі математикалық амал қолданылады. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған.  width= Турнир Play ok интернет-порталында өтті. Барлығы 8 қатысушы қатысты. Мұндай турнир қызметкерлер арасында бірінші рет ұйымдастырылды. Жеңіске кім жететінін анықтау қиын болған туринирдің көркін де қыздырған осы.  width= Турнирдің нәтижесі бойынша: 1 - орын: Әбілдаева Динара Ғалымжанқызы, отбасы медицинасы кафдерасы №2. 2 - орын: Ниязбаева Құралай Абдирахманқызы, онкология кафедрасы. 3- орын: Курсанова Жазира Рустенбекқызы, кардиология кафедрасы және Есеева Айбарша Ахметжанқызы, реабилитология және спорт медицинасы кафедрасы. Айта кету керек, ЮНЕСКО тоғызқұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп танып, 2020 жылы 17 желтоқсанда тоғызқұмалақ ойынын Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізді.

Жүктелуде...