2020 жылы кешірім сұрап, халықтың есінде қалған қазақстандықтар

2020 жылы кешірім сұрап, халықтың есінде қалған қазақстандықтар

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылды қазақстандықтар үшін камера алдында кешірім сұрау жылы деп атауға болады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Коронавирус пандемиясы басталған соң Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Көптеген қазақстандық табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алатын болды. Көптеген өтініштің түсуі және деректердің көп болуына байланысты жүйе ақпаратты өңдей алмай қалды. Салдарынан қазақстандықтар 42 500 теңгені уақытында ала алған жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге ұзақ есептелгені үшін халықтан кешірім сұрады. https://youtu.be/OkHe73dgSBo Уақыт өте елімізде төтенше жағдай режимі алып тасталды, бірақ қатаң карантин режимі сақталды. Осы сәтте кей қазақстандық қашықты сақтамай, оқшаулану ережелерін жиі бұзып, маска тақпай жүрді. Тіпті, танымал әртістер жанкүйерлерінің алдында ережелерді елеген жоқ. Кейін олар камера алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды. Мысалы, Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін блогер Zheka Fatbelly-ге айыппұл салынды. Кейін ол карантин талабын бұзғаны үшін кешірім сұрады. https://youtu.be/V1h4uWpK2qQ Сәуірде әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның Мақтаарал ауданындағы медицина қызметкерлеріне тіл тигізіп, қорқытып жатқан видеосы пайда болды. Кейін полиция "Қауіп төндіру" бабы бойынша іс қозғады. Ер адам мұндай дөрекі әрекетке барғанына өкінетінін айтып, ендігі жолы мұндай әрекет жасамауға уәде берді. Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерінен және қазақстандықтардан кешірім сұрады. https://youtu.be/iTsFSqx6m0E Осы айда желіде тағы бір видео жарияланды. Видеодан 30 жастағы ер адам тәртіп сақшыларының "Құжатыңызды көрсетіңіз" деген талабына бағынбай, оларға қарсылылық көрсеткенін көруге болады. Ол полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтып, өзін колумбиялық есірткі бароны Пабло Эскобармын деп таныстырған. https://youtu.be/nLwMnJGyhIo 2020 жылдың жазында Қазақстанға басқа елдерден гуманитарлық көмектің уақытында жеткізілмеуіне байланысты "СҚ-Фармация" компаниясында шу шықты. Шетелден гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілер дәріханаларда сатыла бастады деген болжам айтылды. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанға жеткізілген гуманитарлық көмектің қалай бөлінгеніне қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Осы уақытта "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Шәріп Берік қызметінен босатылды. Ол "ұрлық жасады" деген күдікке ілініп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. "СҚ-Фармация" ЖШС-ның жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ескі басшылықтың жіберген қатесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сонымен қатар, шілдеде журналист Динара Тұрсынова Алматыдағы автобуста санитар дәрігердің талабына сәйкес жолаушыдан маска тағуды сұраған. Осы сәтте ер адамның ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтып қорқытқан. Кейін мамандар карантин талабын бұзған жолаушыны тауып, автобус жүргізушісін жазаға тартты. Ол камера алдында кешірім сұрап, қазақстандықтарды маска тағып жүруге шақырды. https://youtu.be/3GcKR2NmQlk Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметіне жаңа тағайындалған Ерғали Сыдыманов бірінші жұмыс күні Талдықорған тұрғындарының ашуына тиді. Тұрғындар оның әрекеті мен сөзіне шағымданды. Кейін Сыдыманов қатесін түсініп, халық алдында кешірім сұрады.

Жүктелуде...