Инфекционист: 5-7 жылдан соң ковид қазіргіден де жұқпалы болады

Инфекционист: 5-7 жылдан соң ковид қазіргіден де жұқпалы болады

ашық дереккөзі

 width= Енді 5-7 жылдан соң коронавирус қазіргіден де жұқпалы болады. Бұл жайында инфекционист Евгений Тимаков айтып берді, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

"Вирус үнемі құбылып отырады. Коронавирус та осыған ұқсас. Алайда ондағы өзгеріс айтарлықтай емес, оның геномы өзгермеген. Бірақ өзгерістер вирустың қасиетін өзгертеді. Кез келген жағдайда вирус сыртқы ортада өз иесін өлтірмей өмір сүруге тырысады", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, осыған байланысты коронавирус 5-7 жылдан кейін өте жұқпалы болуы мүмкін.
"Уақыт өте келе, яғни 5-7 жылдан кейін коронавирус инфекциясы өзгереді. Ол жұқпалы болады, бірақ асқынулар аз болады", - дейді Тимаков.
Маманның сөзінше, Ұлыбританиядағы қазіргі жағдай осыған ұқсас екен.

Жүктелуде...