Ресей вакцинасының бағасы халыққа қолжетімді бола ма?

Ресей вакцинасының бағасы халыққа қолжетімді бола ма?

ашық дереккөзі

 width= Қарағандыда құтыларға құйылып жатқан корноновирусқа қарсы Ресей вакцинасының болжамды бағасы айтылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. 2 мың рубльге бағаланған «Спутниктің» құны теңгеге шаққанда 11 мың теңге шамасында. Ал Қазақстанға тасымалдау бағасын қосқанда қымбатқа түседі. Министрліктегілердің айтуынша, қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтсе, оның бағасы арзан болмақ. Бірақ дерт асқынып тұрған кезеңде  күтіп отыратын уақыт жоқ. Әзірге Ресей вакцинасын қолдануды бастай берген жөн. «Спутник-5» вакцинасының бір дозасы екі компоненттен тұрады. Біріншісі – егілгеннен кейін ағзаның оған қалай әсер ететіні бақыланады. Егер бәрі сәтті өтсе, 21 күн үзілістен соң екіншісі егіледі. Созылмалы аурулары бар немесе тұмауға шалдыққандарға екпе салынбайды. Әзірге Қарағанды зауытында дайындалған вакцинаның 6 мың дозасы Ресейге қайта жіберілді. Онда «Спутниктің» сапасы қатаң тексерістен өтеді.

Жүктелуде...