weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

19 жастағы курсант өзіне қол жұмсады

19 жастағы курсант өзіне қол жұмсады

19 жастағы курсант өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
 width= Алматыда ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы курсанты өзіне қол жұмсады. Ол 3-курста оқыған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды. Оқиға болғанға дейін ата-анасынан ірі көлемдегі ақша жіберуін сұраған. Саламат Өтегеновтың денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмесінде табылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмады.Анасы  Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың ақша сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған.  width= Ата-анасы 3,5 ай ішінде  ұлына 630 мың теңге жіберген. Өмірінің соңғы күнінде ол сағат 11-де ағасына "17.00-ге дейін 300 мың теңге жіберші" деп жазған. Ауылда интернет нашар болғандықтан, ағасы хабарламаны тек кешке оқыды. Саламат 16.31-де соңғы смс-те: "Мен кеттім" деп жазған.