Месси Пеленің рекордынан асып түсті

Месси Пеленің рекордынан асып түсті

ашық дереккөзі

 width= «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси атақты футболист Пеленің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Л.Месси бұл жетістікке Испания чемпионатының 15-турында «Вальядолид» пен «Барселона» арасында өткен матчта қол жеткізді. Ойынның 65-минутында 33 жастағы Месси гол соғып, Пеленің соққан доп санынан асып түсті. Осылайша Л.Месси каталониялық «Барселонаның» намысын қорғай жүріп, қарсыластар қақпасына 644 гол енгізді. Ал Пеле бразилиялық «Сантос» клубында 1956-1974 жылдар аралығында доп теуіп, 643 гол соққан еді.

Жүктелуде...