weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлеуметтік желіде банктің жалған парақшасы пайда болды

Әлеуметтік желіде банктің жалған парақшасы пайда болды

Әлеуметтік желіде банктің жалған парақшасы пайда болды
ашық дереккөзі
 width= Әлеуметтік желіде қазақстандық банктің жалған парақшасы пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Stopfake порталының редакциясына Facebook-тегі парақшаны тексеруді сұраған оқырман жүгінген. Басылым мәліметінше, бұл - фейк парақша.
"Бұл алаяқтардың ісі! Сақ болыңыздар және шоттар бойынша ақпарат бермеулеріңізді сұраймыз", - деді банк өкілдері.
Сондай-ақ, аккаунттың жалған екенін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған. Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайды. Құпия сөз бен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.