Саясаттанушы: Вакцинацияны депутаттардан бастау керек

Саясаттанушы: Вакцинацияны депутаттардан бастау керек

ашық дереккөзі

 width= Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші депутаттарға егуді ұсынды. Ол өз қалтасынан 157 вакцинаға ақша төлейтінін айтты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бұл ұсынысты Боқаев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Премьер-министр Қазақстанда өндірілген "Спутник V” вакцинасын жаппай егу екі айдан кейін басталатынын мәлімдеді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар мен студенттерге екпе жасалады. Неге екенін түсіне алар емеспін",- деп жазды саясаттанушы.
Оның айтуынша, вакцинацияға мемлекет ақша бөледі, ал коммерциялық табыс "танымал миллиардерлер" қалтасына түседі. Ол мұның орнына вакцинациялауды ҚР парламенті жаңа шақырылымының депутаттарына өткізуді ұсынды. Саясаттанушы ресейлік "Спутник V" вакцинасының 157 бірлігіне өз алтасынан ақша төлеуге дайын.
"Біз ең бірінші кезекте ел депутаттарына қамқорлық танытуымыз керек. Ол медицина қызметкерлері, педагогтар мен студенттер вакцинациядан өткенін күте алмайды. Барлық жақсы нәрсе біздің депуттарға- халық өкілдеріне берілуге тиіс",- деді Санжар Боқаев.

Жүктелуде...