Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Талдықорған қаласы жаңа жылдық безендіруге 13 млн 600 мың теңге жұмсамақ

Талдықорған қаласы жаңа жылдық безендіруге 13 млн 600 мың теңге жұмсамақ

Талдықорған қаласы жаңа жылдық безендіруге 13 млн 600 мың теңге жұмсамақ
ашық дереккөзі
 width= Талдықорған қаласы биыл жаңа шырша сатып алмайды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қызметкерлер айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Ал шыршадан өзге жалпы облыс орталығын жаңажылдық безендіруге 13 миллион 600 мың теңге бөлінген. Қалаға былтыр пайдаланылған 3 шырша орнатылды. Сондай-ақ қаржыға орталықтағы жаяу жүргіншілер жолы мен  саябақтарға сәнді жарықшамдар ілініп жатыр.
Нұрым Әлиұлы, қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары: "Бұлар жаңағы өзіміздің баланста болған шыршалар. Бұларды тек қана ұтқан сомаға орнатып, безендіру ғана кіреді оған. Сонымен қатар өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай Шевченко көшесі мен Ақын Сара көшесінің ортасындағы жаңа Арбат безендірілді. Онда жаңағы жұлдызды аспан жасалынды. Толық орнатылып болған жоқ. Әлі жұлдызды тоннель болады".

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату