Белгілі әнші мектеп оқушысын зорламақ болған

Белгілі әнші мектеп оқушысын зорламақ болған

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_38646" align="alignnone" width="934"] width= Jasur Umirov - Taqdirim shu ekan qo'shiq matni, lyrics[/caption] Өзбекстандық белгілі әнші Жасур Өміров кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Самарқан облысы прокуратурасындағылар айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Centralasia.media сайтына сілтеме жасап. Прокуратура мәліметінше, әнші биыл маусым айының басында 16 жастағы мектеп оқушысына зорлық-зомбылық көрсеткен. Әншінің оқушы қызбен интернет арқылы танысып, кейін үйге шақырып, алкоголь ішкені белгілі болды.

Бірақ аудандық полиция бөлімінің өкілдері қыздың зорлық жасалғаны туралы өтінішін қабылдамай қойған. Қазанда жүргізілген қосымша тергеу тексерісінен соң ғана Өзбекстан Республикасының 118-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ әншінің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Құрбысын сол кезде үйде болған достары зорлаған болуы мүмкін екенін айтады.

Жүктелуде...