weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Педофилмен селфи жасағаны үшін жұмыстан қуылды

Педофилмен селфи жасағаны үшін жұмыстан қуылды

Педофилмен селфи жасағаны үшін жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Шымкент полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге  түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын айтқан еді.
"Сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады", - делінген хабарламада.
Қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен полицей қызметтік дисциплинаны бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен алынды. Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған еді. Оқиға 17 желтоқсан күні болған. Полиция күдіктіні ұстады. Ол Шымкент қаласының 1985 жылғы тұрғыны. Тергеу кезінде ер адам әйелдің күртешесінен 8 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткені де анықталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.