Құдыққа түсіп кеткен қос жасөспірім көз жұмды

Құдыққа түсіп кеткен қос жасөспірім көз жұмды

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінде екі бала құдыққа құлап, мерт болды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, алты және он бір жастағы ағайынды екі баланың өліміне байланысты аудандық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптаманың тағайындалғаны белгілі болды. Қайғылы жағдай кеше, 21 желтоқсанда түстен кейін орын алған. Оқиға болған уақытта құдықтағы су деңгейі 1,8 метрден аспаған, алайда бұл тереңдіктен екі бала өз бетінше шыға алмапты.  

Жүктелуде...