Алматыдағы Хатико туралы білесіз бе?

Алматыдағы Хатико туралы білесіз бе?

ашық дереккөзі

 width= Алматыда ит бақилық болған иесінің зиратына келіп күзетеді, тіпті ол жерден кетпейді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде тараған видеодан иттің қабір жанында отырғанын көруге болады. Көктаста 60 жастағы ер адамның қазан айында қайтыс болғаны жазылған. Видео авторы ит қожайынының қабірін күзететінін айтады.  width= Зират Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.

"Міне, мына ит, жақсы. Ол өз иесін жерледі, осында отырады, күзетеді. Мұнда ешкімді жібермейді, қарғалар мен түрлі құстарды иесінің қабірінен қуады. Жақсы ит. Бұл нағыз дос. Адал, жақсы ит", - дейді видео авторы.
Бейнені кім және қашан түсіргені әлі белгісіз. Зиратта қар жатқанын ескерсек, оның видеоның жақында түсірілгенін түсінуге болады.

Жүктелуде...