Қонақүйде бала өлтірген шетел азаматы 20 жылға сотталды

Қонақүйде бала өлтірген шетел азаматы 20 жылға сотталды

ашық дереккөзі

 width= Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатпен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom бағдарламасы арқылы сот отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты. Бұдан басқа, бұл отырысқа Баракаттың әпкелері қатысты. Еске салайық, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық Мохамед Баракат ұсталған болатын.

Жүктелуде...