Депутаттыққа кандидаттар «Сералы» шаруа қожалығының төрағасымен кездесті

Депутаттыққа кандидаттар «Сералы» шаруа қожалығының төрағасымен кездесті

ашық дереккөзі

 width= Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахметов Нұртас пен Еримбетов Ғазиз «Сералы» шаруа қожалығының төрағасы Абжалов Сералының шаңырағында болып, келелі әңгімелер қозғады. Канвассинг кездесуге келген олар «Nur Otan» партиясының жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттарын сөз етті. Алдағы 5 жылда аудан тұрғындарының табысын арттыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етілетінін, лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындары құрылатынын, кәсіпкерлер қолдау табатынын, тұрғындардың өмір сүру сапасы артатынын, таза ауыз сумен толықтай қамтылатынын, көгілдір отынмен қамтамасыз ету арқылы, экологияны жақсартатынын, жолдардың сапасы жақсаратынын, медициналық қызмет көрсету саласы мен қолжетімділікті арттыратынын, осы бойынша тиімді жұмыстар жүргізілетінін, білім сапасы артатынын, тең мүмкіндіктер құрылатынын, бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасалатынын, сондай-ақ жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып өтті. Сералы Оразалыұлы үміткерлерге сәттілік тілей отырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін жеткізді.                                  «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...