Ордабасы: «Александровский сад» ЖШС жылына 1200 тонна алма өндіреді

Ордабасы: «Александровский сад» ЖШС жылына 1200 тонна алма өндіреді

ашық дереккөзі

 width= Ордабасы ауданындағы Бөржар ауыл округінде тамшылатып суару әдісімен қарқынды алма бауы және сүйекті жеміс түрлерін өндіретін "Александровский сад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Оны аудандық мәслихаттың депутаты болған, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тағаев Бақтияр басқарады. Бұл серіктестік 2014 жылы құрылған. 2016 жылдың көктемінде 20 гектар жерге қарқынды алма бауын отырғызған. Ал, 2019 жылы қосымша тағы 20 гектарға алма, шабдалы, нектарин, сүйекті жемістерін отырғызған. 2020 жылы 50 гектар жерге сүйекті жемістер түрін отырғызуды жоспарлаған. Көшеттер Түркия мемлекетінен әкелінген. Қазақстанның ішкі нарығында сатылуда.  width= Жалпы нысанның құны 290 млн. теңгені құрайды. "ҚазАгроҚаржы" АҚ, Аграрлық несие корпорациясынан қаржыландырылған. Жылына 1200 тоннаға дейін алма өндіреді. Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының басшысы Әлиасқар Бердімұрат бастаған штаб мүшелері "Александровский сад" ЖШС-не келіп, ұжыммен кездесті. Кездесуде Әлиасқар Байдуллаұлы партияның елеулі жетістіктерін, алдағы бес жылға даярлаған тиімді бағдарламаларын, сонымен қатар сайлаудың өту тәртібін сөз етті. Еңбек ұжымының талап тілектерін тыңдап, шешілу жолдары қарастырылатынын айтты. 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Қызметкерлерге табыс тіледі. Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.                             «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...