Ninety one әншісі: Қазақтілді контент сапасы сын көтермейді

Ninety one әншісі: Қазақтілді контент сапасы сын көтермейді

ашық дереккөзі

 width= «30 Leaders Meetup – тәуелсіз ұрпақ» мотивациялық форумында Ninety one тобының солисі Дулат Мұхаметқалиев біздің елдегі мәселе – креативті экономикаға толыққанды көңіл бөлмеу екені туралы айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, заман өзгерген сайын, буын өзгерген сайын сол буынның көзқарасы да, ойлау қабілеті де бәрі мүлдем өзгереді. Арасында көпір жоғалады. Бір-бірімен сөйлесе алмайды.

Қазіргі күнде жастар өздерінің идентификасын білмейді. Олар нақты қай тілде сөйлеу керектігін, қандай ұстанымдарды ұстану керектігін толыққанды айтып бере алмайды, - деп айтты әнші.
Сонымен қатар, Zaq тіл мәселесіне де тоқталды.
Тіл мәселесіне келетін болсақ, біздің 120 ұлт пен этностың бәрін біріктіріп, бір тілде сөйлету үшін тілді трендке айналдыру керек. Ал тілді трендке айналдыру үшін қазақтілді контент көп болуы керек. Қазіргі уақытта бәрі интернетте отырады. Бірақ интернетке кірсең, қазақтілді контенттің сапасы сын көтермейді. Егер контенттің сапасы қазіргі заманға сай болып, дұрыс берілсе, онда бұл басқа әңгіме. Яғни қазақ тілінің өзі кішігірім трансформациядан өтуі керек. Ол транформация жұмсақ өткізілуі керек болса, онда жұмсақ күшпен енгізілуі тиіс. Яғни ол өнер, музыка, кино, мультфильм және басқа да дүниелер, - деп жеткізді ол.
Топ мүшесі мемлекеттік органдармен және басқа да мекемелермен ортақ жұмыс жасауға ашық екендерін жеткізді. Сондай-ақ, өздері жинаған тәжірибемен бөлісіп, екінші тараптың тәжірибесін қабылдауға да дайын екендерін айтты.

Жүктелуде...