Ресей депутаты: Қазақ халқы болған емес

Ресей депутаты: Қазақ халқы болған емес

ашық дереккөзі

 width=
Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров екінші мәрте арандатуға көшті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  журналист Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап.
Бұл жолы тіпті алысқа кетті. Шамамен былай деп отыр.
1."Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды"
2. "Қазақ халқы (нация) болған емес. Халық деген ең жоғары статуста құрылады, әлемдік соғыс негізінде".
3. "Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ оның тіпті 1 ммде жері жоқ".
4. "Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын. КСРО тарады деген нақты бірде бір құжат жоқ" және тағысын тағылар.
Біздің зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан, депутаттар мен министрлер жағынан нақты жауап болады, деп ойлаймын. Мемлекет солтүстікті қазақыландыру, көшті жылдамдатуды дереу қолға алу қажет. Одан бөлек ең маңызды дүние ішкі идеологиялық жұмыстарды күшейту, әсіресе тарихи фильмдер түсіру, жастар арасындағы ұлттық насихатты арттыру.
Видеоның толық нұсқасын пікірге қалдырдым. Толық нұсқада да небір арандатуларды айтып жатыр. Бұл бір елдің білдей депутаты!

Жүктелуде...