Коронавирус: Көз жанарынан айырылып қалғандар да бар

Коронавирус: Көз жанарынан айырылып қалғандар да бар

ашық дереккөзі

 width= АҚШ ғалымдары коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқастардың көз жанарынан сирек кездесетін инфекция табылып жатқанын айтуда деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап. Нью-Йорктің Хемпстед қаласындағы Хофстра университетінің ғалымдары коронавирустың жаңа түрімен ауыратын науқастарда сирек кездесетін көз жанарының инфекциясы анықталып жатқанын байқаған. Бұл туралы ақпарат Knowridge Science Report басылымында жария болды. Белгілі болғандай, Нью-Йорктегі емханалардың бірінде COVID-19 жұқтырған үш науқастан көз жанарының қабыну жағдайы тіркеліп, кератит салдарынан туындаған эндофтальмит диагнозы қойылған. Аталмыш диагноз қойылған адамдардың көз жанарының ішкі қабығы іріңдеп қабына бастайды екен. Өкінішке қарай, бұл диагнозбен түскен науқастардың бірі коронавирусқа төтеп бере алмай, қайтыс болды. Ал екінші науқастың көзін алып тастауға тура келіпті. Үшінші науқастың көру қабілеті нашарлаған дейді ғалымдар. Олар қысқа уақыт ішінде бір емханада коронавирус жұқтырған науқастардың бірден үшеуінен сирек кездесетін эндофтальмит дерті анықталғаны жаңа зерттеулер жүргізуді қажет ететіндігіне баса назар аударуда. Еске салсақ, пандемия басталғалы бері әлемде 76 миллионнан астам адам вирус жұқтырып үлгерген. Олардың 1,6 миллионнан астамы коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болып отыр.

Жүктелуде...