Бауыржан Байбек ресейлік депутаттың Қазақстан туралы айтқанына пікір білдірді

Бауыржан Байбек ресейлік депутаттың Қазақстан туралы айтқанына пікір білдірді

ашық дереккөзі

 width= «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқанына пікір білдірді.  Ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Newsrooom+ақпарат агенттігі.

"Біздің шекарамыз бекітілген. Қазақтың тарихында ешкім, ешқандай жер сыйлаған жоқ. Осы жер біздің бабамыздың еңбегі, төгілген қаны арқасында бізге жеткен. Қасиетті Қазақстан, осы ұрпаққа біздің ата-бабамыз берді. Сондықтан, біздің негізгі мақсатымыз, партияның да осы буын жастардың да тәуелсіздікті нығайту. Елбасының бір жақсы сөзі бар: "Тәуелсіздікті алу ол қиын. Бірақ, ұстап қалу одан да қиын болады". Қазіргі таңда қағаз жүзінде көп мемлекеттердің өзінің егемендігі бар. Бірақ, дефакт. Сырттан келіп оны басқа мемлекеттер билеп жатыр. Ондай мысалдар бізде көп қой" - деді Бауыржан Байбек.

Жүктелуде...