weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әйгілі «Ну, погоди» мультфильмінің авторларының бірі өмірден өтті

Әйгілі "Ну, погоди" мультфильмінің авторларының бірі өмірден өтті

Әйгілі «Ну, погоди» мультфильмінің авторларының бірі өмірден өтті
ашық дереккөзі
 width= Орыс жазушысы, драматург, "Ну, погоди" авторларының бірі Александр Курляндский қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Эхо Москвы" сілтеме жасап. Дереккөз мәліметінше, Александр Курляндский 83 жасында қайтыс болды. Бұл мәліметті басылымға жазушының туыстары растады. Бірақ оның неден қайтыс болғаны айтылмады.
Курляндский - 10 сериялы "Великолепный Гоша", 3 сериядан тұратын "Возвращения блудного попугая" мультсериалдардың авторы. Сонымен қатар, ол "Вы не были на Таити?", "А нас и здесь неплохо кормят!", "Прелестно!", және "Попугай Кеша ищет клад" атты 4 повесть жазған. Жазушы әзіл әңгімелердің де авторы болып саналады. Олардың бесеуі "Ералаш" киножурналына енген. 1970 және 1977 жылдары Александр Курляндский 2 рет "Золотой теленок", "Клуба 12 стульев", "Литературной Газеты" сыйлығына ие болған.