"Apple" дүкендері не себепті жабылып жатыр?

"Apple" дүкендері не себепті жабылып жатыр?

ашық дереккөзі

 width= Apple компаниясы коронавирустың таралуына байланысты Калифорния штатында 53, Ұлыбританияда 16 дүкенін жапты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, компанияның Аляска, Миннесота, Небраска, Нью-Мексико, Оклахома, Орегон, Теннесси және Юта штаттарындағы бірнеше дүкендері уақытша жұмыс істемейді. 20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияда, сондай-ақ Мексика мен Бразилияда Apple-дің 16 дүкені уақытша жұмысын тоқтатты. 1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар, "ақылды сағаттар" және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісімен айналысады. Айта кетейік, Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталып жатыр. Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара округі (Калифорния) прокурорының мәліметінде осылай делінген.

Жүктелуде...