Жаңа жылға топ 10 сыйлық

Жаңа жылға топ 10 сыйлық

ашық дереккөзі

 width= Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Жақын жандарға не сыйлаймын, деп бас қатырып жүрсеңіздер Newsroom+ақпарат тілшісі жинаған сыйлықтар тізімін ұсынамыз. 1. Apple компаниясын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. Егер жақыныңызды қуантқыңыз келсе, соңғы үлгідегі телефон, эйрподc, эпл сағатын немесе Макбук сыйлауға болады. 2. Егер жақындарыңыз онша мұнша нәрселерді ұнатпаса, көңілін табу қиын болса ақша сыйлаңыз. 3. Жақындарыңыздың айналысатын хоббиі, сүйікті ісі болса, соған керек пайдалы зат сыйлаңыз. Мыс: фотограф болса, штатив немесе обьектив сыйласаңыз болады. 4. Қазір кітап оқитын адамдар саны көп. Қандай жанрдағы кітап алуға қиналсаңыз белгілі соммаға сертификат сыйлауға болады. 5. Қажетті заттармен толтырылған сыйлық бокстары. Қыздарға маска, косметика жиынтығын, ал жігіттерге белдік, әмиян, брелок жиынтығын сыйлаңыз. 6. Тағы бір лайфхак адамға қандай сыйлық ұнайтынын білгіңіз келсе, одан ашық сұраңыз. Ол өзіне ұнатқан заттарын айтады. 7. Үйге арналған пижамалар, жылы күрти, худилер де жақсы сыйлық. Жастар арасында Qazaq republic бренді қазір трендте. 8. Тұрмысқа қажетті техникалар: робот шаңсорғыш, мултипекарь, электр швабрасы т.б. үй жинауды жеңілдететін көмекші құралдар. 9. Сән салоны мен спа салонына, фитнес залға, косметика дүкендеріне сертификат та орынды сыйлық. 10. Ең жақсы сыйлық – қолдан жасалған сыйлық. Шоколад букеті, дәмдеуіштер букеті, жеміс-жидектен жасалған букет миыңызға не келеді соны орап сыйлық ретінде берсеңіз жақындарыңызды таңқалдырмай қоймас. Ең бастысы қандай сыйлық алсаңыз да шын көңілмен алыңыз. Сонда ғана ол жақындарыңызға сөзсіз қуаныш сыйлайды.

Ақнұр САҒАТҚЫЗЫ

Жүктелуде...