Карантин талаптарын бұзған мекемелер 3 айға жабылады

Карантин талаптарын бұзған мекемелер 3 айға жабылады

ашық дереккөзі

 width= Елордада жеті ойын-сауық мекемесі карантин талаптарының бұзылуына байланысты үш айға қызметін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі . Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сегіз материал жолданды. Атап айтқанда, «SOVA» және «Жаным Сол» караоке бары, «ALANYA» түнгі клубы, «Echo» бары, «ZOLOTO» мейрамханасы мен «Сторис» лаундж-барына қатысты деректер. «Teqila» лаундж-барына қатысты екі хаттама жолданды. Мереке күндері «Mega Silk Way» СОО-да «Kango» батут орталығына және Тұран даңғылы, 21 үйдегі «Icon» клубына қатысты қайта шұғыл хабарламалар келіп түсті. Бұған дейін аталған нысандарға бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілген болатын. Осы объектілерге қатысты нұсқаманы орындамағаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік сотқа жіберілетін болады.

Жүктелуде...