Айнұр Тұрсынбаеваның шұжықтарынан жүн шыққаны рас па?

Айнұр Тұрсынбаеваның шұжықтарынан жүн шыққаны рас па?

ашық дереккөзі

 width= Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркиядан шығарып, Қазақстанға сатып жатқан шұжықтарынан жүн шықты, деген қауесет желіде тарап кетті. "AIDYN NURY ET" деп аталатын өнімдерінен тауықтың жүні табылмаған. Бәсекелестерінің арам ойы, деп жазды Newsroom+ақпарат агенттігі. Ақын шұжық өнімдерін 2-3 айдай сатып бастаған . Сұраныс та жаман емес.

"Тура мен сияқты "МЕЙРЖАЧНАЯ" шұжықтарының аммбассадоры Мейіржан бауырым бір кездескенімде "Айеке, шұжықтарыңыз қатты өтіп жатыр деп естідім. Енді арасынан қыл-қыбыр шығатын видеолар қаптайды, дайын болыңыз және ол видеолар космостық жылдамдықпен тарайтын болады" деп еді. Сөйтсем, алғаш сата бастағанда оның да шұжықтарынан шаш, тырнақ, жүн "шыққан" екен. Видеоны жылжытсаңыздар, көресіздер. Бәсекелестік қой, қайтеміз енді", - дейді Айнұр Тұрсынбаева
Соңғы ақпараттардан кейін оның шұжықтарына тексеріс басталып кеткен екен. "Сапа біз үшін өте маңызды!" деген Тұрсынбаева, бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне күніне 8-10 тонна шұжық тарайтынын айта кетті.

Жүктелуде...