Зеленский Ресейден вакцина сатып ала ма?

Зеленский Ресейден вакцина сатып ала ма?

ашық дереккөзі

 width= Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік екпені алғысы келетін украиндықтарға реніш білдірді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі The New York Times газетіне сілтеме жасап.

«Әрине, украиндық қоғамға Америка мен Еуропа бізге өз вакцинасын бермей тұрғанда, Ресейден мүлдем алмауға тиіспіз» деп айтып, түсіндіре алмайсың. Халыққа мемлекеттің неліктен Ресей екпесін сатып алмай отырғанын да түсіндіру мүмкін емес» деген Зеленский ақпараттық соғысқа дайындалып жатқанын айтты.
Айта кету керек, бұған дейін ресми Киев екпе жеткізу үшін Pfizer, Moderna және Johnson&Johnson компанияларымен келісім-шарт орнатқан болатын. Яғни, Украина еуропалық екпені сатып алып, 2021 жылдың ақпанынан бастап коронавирусқа қарсы екпені жаппай салуға кіріспек еді. Тіпті, Зеленский қарамағындағыларға екпені қаңтар айында елге жеткізуге тапсырма берген. Есесіне, билік ресейлік «Спутник V» екпесін алудан бас тартты.

Жүктелуде...