Зорланғаны туралы жалған ақпар берген әйел 3 жыла сотталды

Зорланғаны туралы жалған ақпар берген әйел 3 жыла сотталды

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында келіншек көрінеу жалған сөз айтқаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Белгілі болғандай, 11 қарашада Талғар аудандық соты Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша 31 жастағы аудан тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген айыппен көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталушы бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан, қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім шығарылды. 2020 жылдың 26 наурызында ғана Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Бұрындары да жалған сөйлегені әшкере болған әйел тиісті қорытынды жасамаған. Көп ұзамай ол өзін үш ер адам зорлағанын, олардың арасында танысы барын айтып, шағым түсірген.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші жәбірленушінің жауаптарында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады. Содан кейін өтірігі әшкере болған өтініш беруші зорлық-зомбылық дерегі болмағанын мойындады. Танысына деген өшпенділікпен кек алу мақсатында жалған айыптағаны белгілі болды", - деп толықтырды Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.

Жүктелуде...