«Қыз Жібек» фильміне 50 жыл!

«Қыз Жібек» фильміне 50 жыл!

ашық дереккөзі

 width= 19 желтоқсан күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті. Аталған жиында «Қыз Жібек» көркем фильмінің экранға шыққанына 50 жыл толғанына орай КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері А.Әшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі М.Өтекешева және Киноматография ардагері Қ.Н.Қосай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолданған құттықтау хатын алды.

«Тәуелсіздікке дейін талай қиындықты бастан өткердік. Біз бұл күнге аңсап жеткен халықпыз. Мамандығыма келер болсам, қиын да күрделі жұмыс бізде. «Қыз Жібектегі» жалғыз дыбысты қадағалайтын мен. Ал, оның өзі үлкен жауапкершілік. Техника ескі. Ебін тауып, әрекет етуден басқа амал да жоқ. Алайда, еңбегіміз тасада қалып қоя беретіні тағы бар. Бәлкім, кадрден тыс қызметте болғандығымыздан шығар», - дейді Қадыр Нұрахметұлы.
Және де осы шарада Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне тиісті марапаттарын табыстады.

Жүктелуде...