Головкин – Альварес. Мексикалық үшінші жекпе-жекке келісті

Головкин – Альварес. Мексикалық үшінші жекпе-жекке келісті

ашық дереккөзі

 width= Кеше Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) тізе бүктіргеннен кейін жерлесіміз Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) ұрысуға сақадай сай екенін мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Осыдан бірнеше апта бұрын мексикалық боксшы Головкинмен трилогия алдағы жоспарына кіріспейтіндігін жеткізген еді. Дәл қазір ол жағдайдың өзгергендігін айтып, «GGG» тарапынан жауап күтіп отыр.

«Мен ешкімнен қашпаймын. Өңкей кіл мықтылармен жұдырықтасатынымды тағы білесіздер. Головкинмен кездесу өткізуге мүмкіндік болса, мен қабыл аламын, тас түйін дайынмын», - деп сөзін қорытындылады «Канело».
Спорт сарапшыларының мәліметінше, алдағы жекпе-жекте Альварес 45 миллион доллар, Головкин 30 миллион доллар көлемінде гонорарға кенеледі. Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін екі рет кездесті. Бірінші ұрыс тең аяқталса, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілердің шешімі бойынша қазақстандықтан басым түсті.

Жүктелуде...