
Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады, деп хабарлайды
newsroom.kz тілшісі.
Жаңа жыл мейрамы 1 және 2 қаңтарға cәйкес кеп тұр. Алайда, 2 қаңтар сенбіге кеп тақалғандықтан, демалыс 4 қаңтарға дейін ұзарады. Сонымен, келер жылдың 1-4 қаңтар аралығы демалыс күндері боп бекітілді.
7 қаңтар Рождество күніне сай келгендіктен, қазақстандықтар ол күні де демалады.