Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әйелді зорламақ болған педофилдің әрекеті камераға түсіп қалған

Әйелді зорламақ болған педофилдің әрекеті камераға түсіп қалған

Әйелді зорламақ болған педофилдің әрекеті камераға түсіп қалған
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен 23.15-те 102-ге Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.  
"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1950 жылы туған әйелді белгісіз біреу үйдің кіреберісінде зорламақ болғанын анықтады. Сол күні бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының, 3-бөлігі - 120-бабының, 1-бөлігі ("Зорлау әрекеті") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қабылданған шаралармен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет сотталған", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Күдіктіні ұстауға қатысты барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиға "Қазақтелеком" АҚ көмегімен үйдің кіреберісіне орнатылып, Шымкент полиция департаментінің жедел басқару Орталығына қосылған камераға түсірілгенін айтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату