Түркістан-Келес: Облыстық үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізді

Түркістан-Келес: Облыстық үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер ретінде тіркелген С.Исахова, Р.Оразбаев, Ж.Ағабеков және Н.Давлетяровтар Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ескі қорған, Қызыләскер, Бозсу, Ақжар Жаңа дәуір, Ынтымақ ауылдарында болып, үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген 2025 жылға дейінгі ауылдық округіне жасалатын барлық мүмкіндіктерді толықтай түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алып қайтты.  width= Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.                                                                                                                                                          Келес ауданы

Жүктелуде...