Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жол апатынан қайтыс болғандардың бірі 1 жастағы сәби болған

Жол апатынан қайтыс болғандардың бірі 1 жастағы сәби болған

Жол апатынан қайтыс болғандардың бірі 1 жастағы сәби болған
ашық дереккөзі
 width= Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында “Самара-Шымкент” тас жолының 624 км-де кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. “Самара-Шымкент” тасжолында “Ваз-21144” көлігінің 29 жастағв көлік жүргізушісі ауа райының жағдайын ескермей, тайғақ жолда “Ваз-21144” көлік құралы сырғанап кетіп, 54 жастағы Алға ауданының көлік жүргізушісі “Toyota Prado” көлігіне соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Ваз-21144” көлігінің жүргізушісі және екі кәмелетке толмаған Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді. “Ваз-21144” көлігінің екі жолаушысы 54 жастағы әйел және бір жасар немересі жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. “Toyota Prado” көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша (ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін) сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде. Бір тәулікте облыс аумағында төрт ЖКО орын алды, онда екі адам қаза болып, тоғыз адам жарақаттанды. Полиция департаменті ескертеді: жолға шығарда қысқы дөңгелекпен қамданып және көліктің техникалық жағдайын тексеріп шығу, сонымен қатар жылдамдықты сақтау қажет. Сонымен қатар, ауа райының жағдайына қарай жол қозғалыс ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату