Қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды

Қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды

ашық дереккөзі

 width= Бішкекте қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысындағы "Таргет" қару-жарақ дүкенінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм "Таргет" дүкенінің сатушысы болған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді ІІБ өкілі.
"Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына беті мен аяқ-қолын күйік шалған үш адам жатқызылды. Жедел жәрдемнің бір бригадасы оқиға болған жерде қалды, өйткені ТЖМ қызметкерлері төртінші зардап шеккен адамды іздестірді. Бұл полиция хабарлаған қата тапқан қызметкер болуы керек", - деп хабарлады жедел жәрдем өкілдері.
Өрттің шыққанын желіге видео салған куәгерлер хабарлаған. Ол жерге үш өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Тілсіз жау сағат 11:27-де ауыздықталды.

Жүктелуде...