Головкин жекпе-жекке қашан, кіммен шығады?

Головкин жекпе-жекке қашан, кіммен шығады?

ашық дереккөзі

 width= Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні, сондай-ақ ықтимал қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. The Athletic хабарлауынша, келер жылдың көктемінде Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездеседі.  Мунгиядан бөлек GGG Мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі әбден мүмкін. Еске салайық, Головкин АҚШ-та міндетті қарсыласы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, өзінің атағын сәтті қорғады. Бүгін отандасымыз чемпиондық белдігін 21-мәрте сәтті қорғап, аты аңызға айналған американдық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты.

Жүктелуде...