Депутаттыққа үміткер Абдурашит Омаров тыл еңбекерінің үйінде қонақта болды

Депутаттыққа үміткер Абдурашит Омаров тыл еңбекерінің үйінде қонақта болды

ашық дереккөзі

 width= Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Омаров Абдурашит Керізбайұлы 16.06.1950 жылғы Торламбаев Калыбек Омарулы Тастұмсық ауылының зейнеткері, 14.11.1936 жылғы Егембергенов Торламбай Тастұмсық ауылының тыл еңбекерінің үйлерінде қонақта болды. Ауыл ақсақалдары таңғы ас үстінде өздерінің еңбек еткен жылдарындағы қызықты сәттері мен әскер қатарында болған шақтарындағы оқиғаларды еске түсіріп, бір қуанып қалды.  width= Сонымен қатар дастархан иелері кандидатқа «Nur Otan» партиясына артқан ұсыныстары мен тілектерін айтып, жүзеге асыруына ықпал етуін сұрады. «NUR OTAN» партиясының кандидаты ақсақалдар көтерген мәселені міндетті түрде жоғарыға жеткізетіндігін айтты. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясының 2020-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, бұл көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.  width= Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Партия барлығына ашық! Біз Сіздерді дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз деді.                         «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...