Атырау базарларының бірінде алапат өрт шықты

Атырау базарларының бірінде алапат өрт шықты

ашық дереккөзі

 width= Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01.41-де Атырауда "Дина" сауда базарының аумағында жалпы ауданы 3 420 шаршы метр өрт шыққан. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге келгенде, сауда базары толықтай отқа оранғаны анықталған.

"Өрт сағат 04.25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), "Өрт сөндіруші" АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...