Испанияда да вакцинанация басталады

Испанияда да вакцинанация басталады

ашық дереккөзі

 width= Испанияда коронавирусқа қарсы екпе салу 27 желтоқсанда басталады. Билік американдық «Пфайзер» және немістің «Байонтек» компаниялары жасаған вакцинасын сатып алуға келіскен, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Желтоқсанның 27-де Испаниядан бөлек Еуроодақтың басқа мемлекеттерінде де екпе егу жұмыстары басталады. Жергілікті билік вакцина салу науқанымен қоса шектеу шараларының да күшейтілетіні туралы мәлімдеді. Рождество мен жаңажылдық мейрамдар кезінде Валенсия қаласының тұрғындарына өзге өңірлерге қатынауға тыйым салынады. Испания астанасы Мадридте мереке күндері жаңа шектеулер енгізіледі.

Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы Энрике Руиз: "24, 25 және 31 желтоқсан күндері Мадрид тұрғындарына 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл қиын екенін түсінеміз. Алайда мереке күндері сыртта жүргенше отбасымен үйде отырған дұрыс", - деді.

Жүктелуде...