weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық боксшы алғашқы мәрте жеңілді

Қазақстандық боксшы алғашқы мәрте жеңілді

Қазақстандық боксшы алғашқы мәрте жеңілді
ашық дереккөзі
 width= АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Головкин-Шеремета андеркартында өткен жекпе-жек барысында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) 11 раунд бойы эквадорлық Карлос Гонгорадан басымдық танытқан болатын. Алайда, 12-раундта иек астынан ауыр соққы алған Әли нокдаунға түсіп қалды. Дегенмен, тез ес жиып, жекпе-жекті жалғастырған Қазақстан боксшысы екінші мәрте де дәл сондай апперкоттан нокаутқа түсті. Осылайша, бұған дейінгі 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора IBO әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Ал Әли Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді.