
Отандасымыз, боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны жеңіп, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Боксшы кәсіби бокстағы 43-жекпе-жегін өткізді. Карьерасында бір рет қана жеңілген спортшы IBF және IBO нұсқасы бойынша 21 мәрте әлем чемпионы титулын қорғап қалды. Ал бұл -рекордтық көрсетіш болып саналады.
Боксшылардың кездесуі 12 раундқа жоспарланған еді, алайда техникалық нокаутпен сегізінші раундта аяқталды.