
Әйгілі спортшы, футбол жұлдызы, "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ертеңгі болатын жекпе-жегіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агентттігі.
Португалиялық футболшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында Головкиннің Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін жазды.
"Мен үздік боксшы Геннадий Головкиннен бокс жайлы бірнеше нұсқаулық алдым. Өз ісінің нағыз шебері. Осы жұма күні кешке өтетін оның кезекті жекпе-жегін көруге асықпын", - деп жазды Роналду.
Сондай-ақ, ол екі танымал спортшының бірлескен жобасы "Параллель әлем" деректі фильмінен үзіндіні жариялады.

Еске салайық, жақында ғана Головкин мен Роналдудың кездескен. Деректі фильмде футболшы мен боксшының әңгімелесуі, әңгіме барысында екеуінің спортқа қалай келгендігі және достығы туралы айтылады.