
ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері Каспий теңізінде жабайы үйректерді қайықпен қаққан екі балықшыны әкімшілік жауапқа тартты, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 512-бабы 1-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары режимдерін бұзғаны үшін айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Шекарашылар тұрғындарды табиғат пен қоршаған ортаны сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға шақырды.