Балабақшада тәрбиеші баланы ұрған. Видео қызу талқыға түсуде

Балабақшада тәрбиеші баланы ұрған. Видео қызу талқыға түсуде

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балалардың бірін ұрып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Қазнетте қызу талқыға түскен видеоны жасөспірімнің әкесі өзінің инстаграм аккаунтында жариялаған.

"2019 жылдың 18 қарашасында Атырауда сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған "Алтын балық" мемлекеттік мамандандырылған балабақшасында тәрбиеші ұлыма бірнеше рет қол көтерді. Ұлыма қатысты зорлық-зомбылық, қорлау және түрлі дене жарақаттарын келтіру деректері түсірілген балабақшаның бейнебақылау камераларынан 25 видео бар. Мұғалім әлі күнге дейін балалармен жұмыс істеп жүр", - деп жазды баланың әкесі.
Ол өз үндеуін Қазақстанның бас прокурорына, ішкі істер министріне, білім министріне, еңбек және әлеуметтік қорғау министріне, сондай-ақ Атырау облысының әкіміне және бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға жолдады.
"№20 "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеленушіге тәрбиеші тарапынан қол тигізу дерегі болды. Бұл туралы баланың ата-анасынан қалалық білім бөліміне арыз түсті. Біз өтінішті Атырау облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментіне жолдадық. Тексеру қорытындысы бойынша департамент тәрбиешіге айыппұл салды. Тәрбиеші жұмыстан босатылды. Тәрбиеленушінің ата-анасы Ішкі істер департаментіне өтініш жолдады, қазіргі уақытта іс қозғалып, аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейінгі іс басқа бап бойынша қозғалған, алайда бір істе жаза тағы да айыппұл түрінде бола алмағандықтан іс тоқтатылды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 110-бабы "азаптау" бойынша іс қозғалды", - делінген департамент хабарламасында.
Ақпарат бойынша, қалалық білім бөлімі тарапынан тәрбиешіден түсініктеме талап етілген, бірақ оның адвокаты сот шешімін күтуді сұраған.

Жүктелуде...